Сырым ауданына «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратының инспекторы Сұңғат Сығай Әшірбекұлы іссапармен келді. «Нұр Отан» партиясының Сырым аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев Сұңғат Әшірбекұлына партия филиалы ғимаратының материалдық-техникалық базасын таныстырды. 

С.Сығай келді. Сырым ауданының әкімі, «Нұр Отан» партиясының Сырым аудандық филиалының төрағасы Төлеген Төреғалиевпен кездесіп, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша ауданда жасалатын жұмыстар туралы пікірлесті. Аудан басшысы жүзеге асырылатын ірі жобаларды таныстырды. Кездесуде «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі Кенжалы Төремұратов, Сырым аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева болды. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Нұр Отан» партиясы балаларға тегін ІТ сыныптар ашып, ІТ мамандарын даярлауды қолға алды. Онда 8-16 жастағы жастағы балалар бағдарламалау және робот техникасының негіздері жайында Еуропалық стандарты негіздерімен терең білім алады. Бұл жоба біздің ауданда Қ.Мырзалиев атындағы орта мектепте қыркүйекте басталады. Жаңа оқу жылында жабдықталған ІТ сыныптарда 150 бала оқытылады деп жоспарланып отыр. Бұл технология оқушылардың ғылыми зерттеулермен айналысуына септігін тигізіп, шәкірттердің дарынын ұштап, сандық технологиялар бағытындағы білімін арттыруға жол ашпақ. Қонақтар Қадыр сыныбымен, мектеп музейімен және Сырым аудандық тарихи-өлкетану музейімен, Алаш саябағымен танысты. 

Өңірлік кітапханалар жүйесі трансформацияланып, кітапханалар қазіргі заманғы білім орталығы ретінде қайта құрылады. С.Сығай Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде болып, кітаптарды онлайн жүйеге салу туралы ОКЖ директоры Айнұр Уәлиахметовамен пікірлесті. Бүгінде біздің ауданға қатысты 50 кітап сканерлеуден өтуде. Ол кітаптарда ауданның тарихы, жергілікті ақын-жазушылардың шығармалары басылған. Сканерленген кітап облыстық кітапханаға жіберіледі.