Бүгін Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиевтің 2018 жылғы 14 маусымдағы №99 өкімімен Сырым аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына Тайшиев Досжан Ересұлы тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға таныстырған аудан әкімі Төлеген Серікқалиұлы өз сенімін білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.

Досжан Ересұлы еңбек жолын 2013 жылы Абай орта мектебінен тарих пәні мұғалімінен бастап, 2014 жылы «Сырым жастары» ЖҚ-нің төрағасы , 2015 жылдан бүгінге дейін аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы қызметін атқарды. Кезегінде сөз алған жаңа басшы өзіне тапсырылған міндетті абыройлы атқарып, ауданның хал – ахуалының жақсаруына өз үлесін қосатындығын айтты.