Бүгін жер бетіндегі барлық мұсылман қауымы үшін ең қасиетті саналатын екі ұлық мерекенің бірі - Ораза айт мейрамы. Осыған орай, алдымен аудандық мешітте бас имам Н.Беков Ораза айт мерекесінің маңыздылығы жөнінде уағыз-насихат жүргізіп,аудан басшысы Т.Төреғалиев мерекемен аудан жұртшылығын құттықтады.Одан әрі жергілікті уақыт бойынша айт намазы оқылды.

Айта кетейік, Ораза айт мерекесіне орай сағат 15:00 -де сұрақ-жауап, спорттық шаралар және кешкі сағат 19:00 -де ерлер арасында Құран оқудан жарыс оздырылмақ.