Астана қаласының 20 жылдығына орай "Қайсар"спорт клубы мен балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен 2007-2008,2005-2006 жылғы туылған оқушылар арасында шағын футболдан аула командалары арасында ауыл біріншілігі басталды. Жарысқа барлығы 16 команда, 140- қа жуық оқушы қатысуда. Бұл жарыстың мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау , жəне оқушылардың жазғы демалысын тиімді пайдалану, аула командалары арасында достық қарым қатынасты нығайту мақсатында өтіп жатыр. Аула біріншілігі 14-29 маусым аралығында Сырым Датұлы атындағы саябақ кешенінде өтеді.