«Бизнес-Кеңесші» жобасы кәсіпкерлерге, кәсіпкерлік бастаманы танытқан азаматтарға арналған қысқа мерзімді оқыту курстары. Оқытуды аяқтаған тыңдаушыларға «Бизнес-Кеңесші» оқыту курсының сертификатты табысталады және бұл сертификат даму банкінің несие кепілдеріне және гранттық қаржыландыруына мүмкіндік беретін құрал. Мемлекеттік бағдарламалар аясында, бұл сертификаттар қажетті құжаттардың тізбесіне кіреді.

Сырым ауданында жоғарыда аталған жобаға қатысып, бар кәсібін кеңейтуді және ойындағы бизнес жоспарын іске асыруды қолға алған азаматтар аз емес. Аудан бойынша барлық округтерден келген 36 болашақ кәсіпкерге бизнес – кеңесші Ж.Тілесова екі күн бойы кәсіпкерлікке кіріспе, кәсіпкерлік психологиясы, бизнес жоспар құру, маркетингтік қызмет, кәсіпкерліктің құқықтық аспектілері және бизнесті жүргізуге қатысты ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану дағдылары сияқты сабақтар жүргізді.