Бүгін аудан әкімі Т.Төреғалиев «Нұр Отан» партиясы ғимаратының мәжіліс залында «Алтын белгі» иегерлерін қабылдап, арнайы төсбелгілерін табыстады. Аудан басшысы өз сөзінде жас түлектерге сенім білдіріп, ұлттық бірыңғай тестілеуде сәттілік тіледі.Аудан бойынша 17 жас түлек «Алтын белгі» иегері атанды.

"Алтын белгі" иегерлерінің арасында аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалармен түрлі сайыстардың жеңімпаздары бар.Білім беру- қашан да ата – ананың бала алдындағы қастерлі қарызы, тұтас қоғамның ұрпақ алдындағы қасиетті парызы. Ал білім алу – ертеңінің еңселі болғанын қалайтын қай жанның да жүрекке түйген борышы. Міне, сол білімдерін сарапқа салар кез де келді. Ендеше, сәт сапар! Ақ жол, жас түлек!