Аудан әкімі Төлеген Төреғалиевтің 2018 жылғы 15 маусымдағы №100 өкімімен Сырым аудандық ветеринария бөлімінің басшысы лауазымына Каримуллиев Абылай тағайындалды.

Каримуллиев Абылай 1992 жылы 8 мамырда Шағырлыой ауылында дүниеге келген. Білімі - жоғары. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық - техникалық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы Сырым аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы болып бастап, осы күнге дейін осы қызметті атқарды. Аудан басшысы Төлеген Серікқалиұлы жаңа басшыға сенім білдіріп, сәттілік тіледі.