Мейірбикелік – ең жауапты, қиын да қарапайым, әрі адалдықты қажет ететін мамандық. Мейірбикелердің жауаптылығы мен адалдығының нәтижесінде арнайы Халықаралық мейірбикелер күні де белгіленіп, республикамыздың түкпір-түкпірінде тойланып келеді.

Бүгін, аудандық мәдениет үйінде де «Халықаралық Мейірбикелер күні» мерекесіне орай салтанатты шара оздырылды. Алдымен аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, мәслихат депутаты Т.Дарғожиев, аудандық орталықтандырылған ауруханасының директоры Р.Тахамбетова құттықтау сөз сөйлесе, одан әрі Сырым ауданы медицинасының дамуына айтарлықтай үлес қосқан сала қызметкерлері аудан әкімінің , "Нұр Отан" партиясының және аудандық аурухана директорының арнайы Алғыс хаттарымен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.

Шара одан әрі концерттік бағдарламаға ұласты.