Ұлттық домбыра күніне орай, "Сырым жастары" ЖҚБ, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйытқы болуымен, "Домбыра думан" атты сазды кеш оздырылды.Шараның мақсаты жастар мен болашақ өскелең ұрпақ арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау.Аталған шара барысында саз мектебінің оқушылары мен мұғалімдері күйден төгіп, аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары әннен шашу шашты.
Сонымен қатар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қолөнер туындыларынан көрме ұйымдастырылды. Шара соңында "Сырым жастары" ЖҚБ төрағасы Нұртілеу Болат қатысушы балаларға сыйлықтар табыстады.