Аталмыш шара ашық аспан аясында оздырылып,қалың көпшілікке еңбек жасағының сарбаздары таныстырылды.

Жымпиты ауылдық округы әкімдігі аппаратаның бас маман заңгері Асия Өмірзаққызы және "Сырым жастары" ЖҚБ төрағасы Нұртілеу Жеңісұлы арнайы сөз алып, жұмыс формасын табыстады. Шара барысында Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, "Сырым жастары" ЖҚБ ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығына орай "Үздік пост" байқауы жарияланған болатын,бүгін сол байқаудың қорытындысы шығып үздік танылған жасыл ел сарбазы Қыдырәлі Мөлдір марапатталды.