Еңселі - Елорда, асқақтаған - Астана..! 

Бүгін біз осындай сөздерді құрметпен, ұлтшылдық сезіммен көкірегімізді керіп, басымызды көтеріп аса мақтанышпен айта аламыз. Себебі, Арқаның төрінде сылдырап аққан ерке Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз бүгінде 20 жасқа келді.

Астана-қазақ елі болашағының қаласы. Мəдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Астананың əсемдігін былай қойғанда, кешегі өткен, бүкіл əлемді өзіне қаратқан ЭКСПО-2017 көрмесінің өзі неге тұрады?! 

Ғасырлар бойғы бабалар арманын іске асырып, азғантай уақытта Астана салған мемлекет болған емес. Бұл елбасымыздың көрегенділігінің, қажырлы еңбегінің арқасы. Елін сүйген елбасы барда, елбасын қадірлеген халқымыз барда біздің еліміз тек көркейе бермек деп білемін. Мен өз еліммен, өз Астанаммен мақтанамын.Еліміздің болашағы жарқын боларына сенемін.