Астана...Осы бір асқақ сөзді естігенде тек өз Отанымыздың ғана астанасы еске түсетіні хақ. Елдің ертеңі мен болашағы үшін, "қалай да бір ұлт болып қалуымыз керек" деп, тұтқиылдағы қиындықтарды елімен бірге көтерген, жау жағадан алған кезде де, халқымен бірге болған басшымыздың орасан зор еңбегі бұл. 

Осыдан 27 жыл бұрын, талай қазақ аңсаған,өзге елдің еншігінен шығып, өз еліміздің бостандығын алу бұйырды. Осы егемендікке мұрындық болған астанамыз "Астана"болып бекітілді.Ал бүгін, ашық аспан астында, "бақытты ұрпақ" атанып, еліміздің жүрегінің 20 жылдығын дүркіретіп тойлап отырмыз. Елордамыздың тек көркеуін, биік белесті бағындыруын тілейміз! Елбасымыз аман, ел-жұртымыз тыныш болсын!! Асқақтай бер, əн жүрегім- Астана!