Аудан әкімінің ашық есік күндері Алғабас ауылдық округі мен Сасықкөл және Жаңаөңір елді мекендерінде жалғасты. Алдымен округ әкімі М.Хасанов 6 ай бойынша атқарылған жұмыстар нәтижесімен таныстырып өтті. Ауылдық округ әкімі аппаратының бюждеті 2018 жыл бойынша 16470 теңгені құраған. Қазіргі таңда 2 шаруа қожалық асыл тұқымды мал басын өсірумен айналысуда.

Алғабас ауылдық округі бойынша қазіргі таңда 1 су ұңғымасы арқылы су келіп тұрса, Жаңаөңір,Сасықкөл елді мекендерінің тұрғындары қоғамдық құдықтан су алып отыр. Осы уақытқа дейін Алғабас ауылы бойынша 4 әлеуметтік нысан мен 204 үй көгілдір отынмен қамтылса, жаңаөңір ауылында ауыл ішілік газ құбырлары тартылып, 5 тұрғын үй көгілдір отынмен қамтылып отыр. Жиын барысында ауыл тұрғындары жұмыссыздық белең алып бара жатырғандығын алға тартып, сонымен қатар ауылға жоғары білімді дәрігердің қажеттігін айтты. Аудандық жұмыспен қамту бөлімінің маманы С.Өмірзақов тұрғындарға қазіргі таңдағы мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған «Игілік», «Сыбаға» бағдарламалары жайын түсіндіріп, шағын кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосуға шақырды. Аудандық орталықтандырылған ауруханасының бас дәрігері Р.Тахамбетова, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қ.Молдағалиев,аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ө.Уашев өз салалары бойынша өзгерістер туралы тұрғындарға түсінік беріп өтті.

Түстен кейін ашық есік күндері Сасықкөл және Жаңаөңір елді мекендерінде жалғасты. Аталған елді мекендерде ауыз су мәселесі және бруцеллез ауруының азаймай тұрғандығын алға тартты. Ашық есік күндерін аудан әкімі Төлеген Серікқалиұлы қорытындылап, мәселелердің шешілу жолы қарастырылатындығын айтты.