Егемендік алғаннан бері қарай көз алдымызда болған үлкен бетбұрыстың бірі елордамыздың таулы оңтүстіктен жазықты Сарыарқа даласына ауысқаны.

Бұл оқиға тұңғыш Президентісміздің батыл қадамдарының бірі болып тарита қалары сөзсіз. Сол кездегі Ақмола қазір Астана болып өзгергеніне де 20 жыл толып отыр. Міне осыған орай барлық Қазақстан халқын Астана күнімен құттықтаймын! Бейбіт аспан аясында алар асуларымыз арта берсін!

Бұл қаланың тағы бір ерекшелігі құрылысында өндірістік орындар емес саяси – әкімшілік, саябақтар, сауда орталықтары басым, демек экологиялық тұрғыдан таза қала болуы көзделгені байқалады. Әлемде ондай мысал Австралия одағында бар. Бұрынғы астанасы Сиднейде өндірістік орындар басым болып келсе, қазіргі астанасы Канберра саяси – әкімшілік орталыққа айналды.

Бұрын көздің алатын биіктігі 97 метрге баратын «Бәйтерек» монументі болса, кейіннен қосылған нысандарда бірінен – бірі әдемі болып қаланы көркейтуде.
Мен өзім Астанада 2004,2006,2008, 2011 жылдары жұмыс бабында барған болсам, 2017 жылы Сырым ауданы әкімшілігінің демеушілігімен бір топ ардагерлермен ЭКСПО -2017 көрмесіне барып ел үшін мақтаныш сезім алатын әсермен қайттым.

Бүгінде теледидар арқылы 20 жылдық мерейтойға сыйға тартқан нысандарды көріп, қуаныш кернейді. 

Біздің БҚО атынан бейбіт өмір орнатуда өз қол ұшын берген батыр апамыз Мәншүк Мәметованың ескерткіші бар саябақ, немесе «Атырау көпірі» тағы басқа нысандар арқылы астанамыз әдемілене түсуде. Соның бәрі халық игілігіне жасалып жатқан жақсы бастамалар . Ендеше, Астанамыз жарқырай берсін!