Ауыл әкімі Тимур Айтқалиев күн тәртібіне орай атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Айта кетерлік жағдай, маусым айында Тоғанас ауылында өрт сөндіру посты ашылып, жұмыссыздар есебіндегі 9 адам жұмысқа алынған болатын. Округ бойынша 49 шаруа қожалығы, 1 ауылдық тұтыну кооперативі жұмыс жасаса, тұрғындардың денсаулығын сақтау мақсатында Тоғанас дәрігерлік амбулаториясы, Аңқаты, Қарағанды, Құспанкөл фельдшерлік пункттері қызмет көрсетеді. Сонымен қатар аталған ауылдарды сумен жабдықтау жүйесн қайта құруға жобалық – сметалық құжаттама жасалуда. Жиын барысында әр мекеме басшылары өз салалары бойынша ақпараттар беріп өтті.

Тұрғындар тарапынан мемлекеттік бағдарламалар арқылы шаруа қожалықтарын ашу, субсидия алу тәртібі жөнінде сұрақтар қойылып,аталған сұрақтар бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қ.Молдағалиев пен аудандық ветеринариялық санитария бөлімінің басшысы Р.Усағалиев жауап беріп, толық ақпарат берді. Сонымен қатар Құспанкөл бастауыш мектебіне мектеп құрал – жабдықтарымен қамтамасыз етілсе, ауылдағы қоқыс – қалдықтары шығарылып, Тоғанас ауылына кіре берістегі жолдар тегістеліп тұрса деген ұсыныс – тілектерін ортаға салды. Аудан басшысы Т.Төреғалиев аталған мәселелер жақын арада шешімін табатындығын тілге тиек етіп, қорытындылады.