Астана күні – Тәуелсіз Ел тарихындағы айтулы мереке. Сәні мен салтанаты келіскен бас шаһардың туған күніне орай жыл сайын дәстүрлі түрде өңірлерде іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.Бүгін аудандық мәдениет үйінде Астана қаласының 20 жылдығына орай салтанатты шара оздырылды.Алдымен аудан әкімі Төлеген Төреғалиев сөз сөйлеп, аудан жұртшылығын мерекемен құттықтады.Өз сөзінде аудан басшысы:

- Бүгінгі таңда елдің төрі - елордамыз барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне айналды. Астана - қарыштап дамыған мемлекеттің нышаны, әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеудің айқын дәлелі. Сарыарқа төсінде қоныс тепкен алып шаһарда әлем елдерінің көшбасшылары бас қосып, пікір алмасады, тарихи маңызы зор шешімдерді саналатын көкке ұмтылған бірегей, зәулім ғимараттар жүрегімізді тебірентеді, мерейімізді тасытады. Елорданың заманауи келбетіне шетелдік қонақтар таңданыспен қарауда. Астана ТМД бойынша ең қолайлы, ғажайып қала ретінде танылды. Бұл біздің ортақ жетістігіміз-деді.Сонымен қатар бірқатар сала мамандары атап айтсақ, "Астана 20 жыл" медалімен еңбек ардагері Сарғозыұлы Отарбай, "Айкөркем"шаруа қожалығының мүшесі Берікқали Күсесов, аудан әкімінің Алғыс хаттарымен "Фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің Сырым аудандық филиалы басшысы М.Тоқтаров, "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалының есеп және статистика меңгерушісі М.Мұхамбедиева, аудандық мәслихат аппаратының бас маман-есепшісі Э.Бакиева, Аралтөбе ауылдық округі әкімдігінің жетекші маманы Р.Байров, аудандық орталық ауруханасының бас экономисті Ж.Шынтасова, аудандық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының үйірме жетекшісі Б.Жанұзақов, Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектебінің аға тәлімгері Ж.Алшекенова, Сырым газ шаруашылығының "Интергаз Орталық Азия"магистральді газ құбырларының шебері Ж.Ессұлтанов, аудандық соттың кіші қызметкері М.Сағынғалиев марапатталды.

Салтанатты шара одан әрі аудан көркемөнерпаздарының концертімен жалғасты.