ҚР АШМ АӨК МИК Сырым аудандық аумақтық инспекциясы бас маманы, өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор

Сан ғасырлық тарихқа ие,бабалардың күшімен келген, тұғырлы қазақ елінің ордасы Астана қаласының 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! 

Елордамыз Астана кешегі заңғар тұлғаларымыз аңсап өткен тәуелсіздігіміздің ең үлкен жетістігі және жемісі.Білім мен ғылымның ордасы Астана Елбасының сындарлы саясатының арқасында күннен -күнге дамып келеді.Көрген көз қызығар көрменің өтуі де осы қарқынды дамудың арқасы деп ойлаймын.Ендігі тілерім көк байрақты нық ұстап, тура жолдан таймай, егемендігімізді сақтай білейік.20 жасқа толып отырған ел жүрегі Астанамыз толағай табыстарға жете берсін!