Құрметті Сырым ауданы тұрғындары мен қонақтары! Астана қаласының 20 жылдығына орай ағымдағы жылдың 30 маусым күні "20 игі іс" атты Республикалық акциясы аясында аудандық Сырым саябағында сағат 20-00 де " Сырым ауданының Психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеті" және "Нұр шуағы" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалармен " олардың ата -аналарының қолөнер жұмыстары жәрмеңкесі өтеді. Жəрмеңкеде күнделікті тұрмысқа қажетті табиғи материалдардан жасалған сан түрлі бұйымдар сатылымға шығарылады жəне сатып алуға белсенділік танытушылар сыйлықтармен марапатталады. Жəрмеңкеге қолдау білдіріп қатысуларыңызды сұраймыз! Келіңіздер, көріңіздер арзан бағамен сатып алуға асығыңыздар!