Маусым айының басында Қособа ауылынан 200 адамға арналған мәдениет үйінің құрылысы басталған болатын. Сырым аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева мен бірқатар депутаттар Қособа ауылдық округіндегі нысанның құрылысымен танысты.

Бүгінгі күні мәдени ошақтың құрылысы қарқынды жүруде деп сенімді айтуға болады.Себебі нысанның қабырғасы толықтай қаланып,қазіргі таңда ғимараттың төбесін жабу жұмыстары жүргізілуде.Құрылыс бригадасының құрамында 16 жұмысшы еңбек етуде, оның ішінде 7 жұмысшы жергілікті жердікі.Айта кетейік, құны 90 млн теңгеден асатын құрылыстың жұмысы 6 айға жоспарланған.