Еліміздің барлық аймақтарында дәстүрлі түрде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында оқушылардың мектепке баруын қамтамасыз ету мақсатында «Мектепке жол» акциясы өткізіледі. Бүгін осыған орай білім беру бөлімінің мәжіліс залында кеңес өтті.

Кеңес отырысына аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева, аудандық білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Д.Кажиахметов, мектеп директорлары, қоғамдық бірлестік төрағалары қатысты.Кеңесте білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Д.Кажиахметов акция негізінде хабарлама жасады. Акцияның негізгі мақсаты жаңа оқу жылына дайындық уақытында баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу, көп балалы, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға нақты көмек көрсету. Кеңес барысында мәслихат хатшысы Шынар Сайлауқызы мектеп басшыларына, қоғамдық бірлестік төрағаларына ауылдық округ пен аудан орталығы бойынша көмек қажет ететін балалар санын және қажетті оқу жабдықтарын анықтауды тапсырды.