Наурыз айынан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі облыс аудандары арасында «Адал жол – честный путь» жобасы аясындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон жариялаған болатын.

Бүгін Жымпитыда Казталов ауданы осы марафонды салтанатты түрде Сырым ауданына табыстады. «Адал жол – честный путь» жобасы аясындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоншыларды қарсылау мақсатында Сырым ауданының белсенді жастары Шолақаңқаты ауылдық округіндегі Сырым батырдың кесенесінен бастап, Сырым ауданының орталығындағы басты көшелері арқылы автокеруен ұйымдастырды. Казталов ауданының марафоншыларына Сырым батырдың кесенесінде ақ дәмнен ұсынылып, кесенеге гүл шоқтарын қойылды.