Автошеруден соң көршілес ауданның делегациясы Қадыр ақынның ескерткішіне тағзым жасап, гүл шоқтарын қойды.Одан әрі салтанатты шарада сөйлеген сөзінде аудан әкімі Төлеген Серікқалиұлы:

- Сыбайлас жемқорлық – тәуелсіздіктің дамуын тежейтін ауыр дерт. Мемлекет парақорлықпен күрестің озық шараларын қабылдады. Бірақ, жемқорлықпен күрестің негізгі бағыты пара алған я болмаса пара берген адаммен күресу емес, ең әуелі қоғамдық сананы өзгерту, - деді.Ал,көршілес аудан басшысы Абат Абайұлы марафон аясында, Қазталов ауданындағы барлық ауылдық округте мемлекеттік қызметті тұтынудың электронды бұрыштары ашылып, бұл қызмет мемлекеттік қызметтің ашықтығы үшін керек екендігін тілге тиек етті.Марафонды қазталовтық әріптесінен Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев қабылдады.Салтанатты шара аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.