Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық қоғамдық келісім Кеңесі отырысы өтті. Кеңес отырысына аудандық мәслихат хатшысы, аудандық қоғамдық келісім Кеңечсінің төрайымы Ш.Дүйсенғалиева, кеңес мүшелері , мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Отырыс барысында аудандағы қоғамдық келісім Кеңесінің жұмысын жандандыру, бірегейлікті сақтау, Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінің Сырым ауданында жұзеге асуы бойынша атқарылып жатырған жұмыстардың қорытындысы тыңдалды. Аталған мәселелер бойынша аудандық соттың бас маманы Н.Исмагулов, Аралтөбе, Жетікөл ауылдық округтерінің әкімдері, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Б.Разиева, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық және автогмобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Қайырғалиев, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы С.Иманғалиев баяндама жасады. Кеңес барысында байқағанымыз бойынша, ауылдық округтерде, әр салада Елбасының бес әлеуметтік бастамасында көрсетілген тапсырмалар халыққа тұрақты түрде насихатталып, жұмыстар жүргізілуде. Кеңестің негізгі міндеті де Елбасының саясатын насиихаттай отырып, қоғамда бірегейлікті,бірлікті нығайту болып табылады.