Елбасы Н.Назарбаев өз Жолдауында халыққа жауапты міндеттер жүктеді.Оның бастысы сыбайлас -жемқорлық.Жемқорлық -қауіпті індет.Онымен бүкіл қоғам болып күрескенде ғана оң нәтижеге жетуге болады.

Сыбайлас -жемқорлыққа қарсы ең бірінші білімділік пен тәрбие керек деп ойлаймын.Ал, білімділік пен тәрбие отбасы мен мектептен басталады.Қарапайым мысал келтірсем, ата-ана мен бала арасында да білім алуы үшін келісім болмауы тиіс.Кейбір ата-ана баласының жақсы бағаны алуы үшін қымбат дүниелермен келісуі.Осылай баланы жемқорлыққа тәрбиелеп жатқандығын ата -ана өзі де байқамайды.

Әрине, сыбайлас -жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес.Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек.Болашақ ұрпағымызды адал, сауатты, саналы етіп тәрбиелеуіміз керек.Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз анық.

Бекмұханова Әсел

Жас туристер станциясының қосымша білім беру педагогы.