Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және «Сырым жастары» ЖҚБ ұйымдастыруымен Халықаралық жастар күніне орай студент жастарға аудан тарихымен тереңірек таныту мақсатында Алаш және С.Датұлы атындағы тарихи – өлкетану мұражайларын шағын экскурсия өткізді. Студенттер тарихи жәдігерлермен танысты. Одан әрі «Нұр Отан» ғимаратының мәжіліс залында семинар – треннгке қатысып, «Туған жерге туың тік!» деп аталған жоба қорғады. Аталған тренингте жастар ауданға маңызды да өзекті мәселелерді қозғап, ұсыныстар тастады.