Кешегі күні аудан әкімі Төлеген Төреғалиев халықаралық жастар күніне орай әр салада білім алып жатырған студент жастармен кездесті. Кездесуге облыс орталығы Орал қаласында, Алматы, Ақтөбе,Астана қалаларында беделді оқу орындарында білім алып жүрген жастар қатысты.

- Сіздер ел патриоты ретінде жаңа өмір сапасына қол жеткізудің тек еңбек арқылы ғана келетінін есте сақтауларың керек. Осы жолда өз арман-мақсаттарыңа жету үшін республикамыздың әртүрлі қалаларындағы беделді жоғары оқу орындарында оқып жатсыздар. Толғандырған мәселелер болса, ортаға салыңыздар, пікірлеріңіз болса, айта отырыңыздар. Бүгінгі басқосудың мақсаты да сол, сіздермен еркін әңгімелесу, алдағы жоспарларыңызбен бөлісу,-деді аудан әкімі.

Студенттер тарапынан да аудан басшысына сұрақтар қойылып, өз жоспарларымен бөлісті. Әр салада білім алып жатырған жас жеткіншектер жырақта жүрсе де, туған елдерінде болып жатырған жағымды жаңалқтарға әрқашан қуанып отыратындықтарын жеткізді. Кеш соңында аудан әкімі Төлеген Серікқалиұлы студенттерге сәттілік тілеп, туған жерлерінің көркеюіне үлес қосуға шақырды.

Аталған шараның өтуіне ұйытқы болып отырған аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігі.