"Қайсар" спорт клубының ұйымдастыруымен сыбайласжемқорлыққа қарсы "Адал жолЧестный путь" марафоны аясында стрит баскетбол және Street work out спорт түрлерінен аудан біріншілігі өтті.Аталған шараға аудан орталығы мен ауылдық округтердің командалары қатысты.Бұл шараны ұйымдастырудағы мақсат: достық қарым-қатынасты нығайтып, қауіпті дерт сыбайлас -жемқорлық фактілерін мүлдем болдырмау.

Қорытынды есепте street work out спорт түрлерінен ерлер арасында жүлделі 1 орынды Сарой ауылдық округі командалары,жүлделі 2 орынды Бұлдырты ауылдық округі командалары, жүлделі 3 орынды Жетікөл ауылдық округі командалары иемденсе, стрит-баскетболдан ерлер арасында жүлделі 1 орынды Жымпиты ауылдық округі командалары, жүлделі 2 орынды Бұлдырты ауылдық округі командалары, жүлделі 3 орынды Сарой ауылдық округі командалары, әйелдер арасында жүлделі 1 орынды Бұлдырты ауылдық округі командалары, жүлделі 2 орынды Жымпиты ауылдық округі командалары, жүлделі 3 орынды Бұлан ауылдық округі командалары қанжығаларына байлады.