«Нұр Отан» партиясының Сырым аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Т.Дарғожиев «Нұр Отан» партиясының қызметін жандандыру мақсатында жаңадан 22 жоба қабылданып, Елбасының «Рухани жаңғыру», «Цифрлы Қазақстан» бағдарламаларының қарқынды жүзеге асырылуына басымдық берілуде екенін айтты. «Бағдарламалардың негізгі бағыттарының бірі – халықтың білімге деген құштарлығын арттыру. Осыған орай «Нұр Отан» партиясы еліміздегі кітапханалардың қызметін жаңғыртып, оларды жаңа заманға сай коворкинг-орталық ретінде қайта құру жобасын қолға алды. Себебі, кітапханалар тек кітап оқитын орын емес, түрлі семинарлар, тренингтер, дәрістер өтетін, жастар жиі бас қосатын нағыз білім орталығы болуы тиіс. Сондықтан осындай орталықтарды мазмұнды, мәнді дүниелермен толтыруымыз керек. Жобаның негізгі мағынасы да осы, яғни дәстүрлі кітапханаларға жастарды тартып, олардың кітап оқуға, сапалы білім алуына жағдай жасау»,- деген «Нұр Отан» партиясының төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың сөзін атап өтті. Бүгінде халықтың цифрлы сауаттылығын арттыру, жастардың сапалы білім алып, дені сау ұрпақ болып қалыптасуына жағдай жасау және еліміздегі дәстүрлі кітапханаларды қазіргі заманғы білім орталықтары ретінде қайта құру басты міндет болып отыр.

Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері М.Баялиев ауданда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатырған ауқымды істермен таныстырып, соның ішінде аудан орталығындағы қос мектепте – ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебі және Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешенінде музей ашылғанына тоқталды. Дөңгелек үстелде жастар, кітапханашылар, БАҚ өкілдері пікірлерін ортаға салып, кітапхананың білім ордасына айналатыны, онлайн кітаптар кез-келген жерде смартфон арқылы оқуға тиімді екенін айтты.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА