Жаңа латын әліпбиін апробациялау /білу деңгейін/ мақсатында түрлі қызметкерлермен тұрғындар арасында «Жаңғыру – жазудан басталады» тақырыбында латын таңбаларын қолдану арқылы диктант жазудан озық шеберлердін байқауы

Байқаудың мақсаты:

Елімізде қабылданға латын таңбаларын санаға сіңіру, кеңінен қолданысқа /әлеуметтік желілерде, байланыс құралдарда т.б./ енгізуге үлес қосу.

Байқаудың шарттары:

Аудан орталығындағы түрлі мекемелердегі /санаттына қарамастан/ 18-50 жас аралығында ересек тұрғындары қатыса алады және талаптарға сай жеңімпаз аңықталады.

-диктант өз қолымен аңық, таза жазылуы, диктант жазу соңында үміткердін латын таңбаларына қатысты қосымша ұсыныстардын, пікірлердін маңыздылығына ескеріліп, үміткерге қойылатын 3-5 дейінгі баллдын жоғарылауына септігін тигізеді.

- оқылған мәтіндер толығымен қағаз бетіне сөйлемдерді жазу кезінде латын таңбалары қолданылады.

- диктант оқу кезінде үзіліссіз жүргізіледі.

-диктант оқу мәтіндері әрбір сөйлем 2 рет қайталанып, үміткерлер өз қаламдарымен парақта латын таңбаларын қолдану арқылы сөйлемдер жазады.

-диктант жазуға қажетті құрылдар: көк сиялы қалам, үміткердін қалауынша көзілдірігі болуы шарт

-диктант жазуға ниет білдірген азаматтар төмендегі кесте бойынша үміткердің диктанқа қатысу өтінімін толтырып, 22.08.2018ж мерзіміне дейін 31-349 /аңықтама телефоны/ телефакс нөміріне жолдау қажет.

-диктант жазу байқауының жеңімпаздарын үміткердін еңбектері /жазу үлгісі, таңбалардын мейленше білу, т.б./ ескеру арқылы аңықталып, Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тіл-Мәңгілік Елдің алтын арқауы» айдарымен жалпыхалықтық тіл фестивалі аясында марапатталады.

Диктант кезінде тыныштық сақтау, қосымша материалдар қолданылмау. Диктант жүргізу кезінде үміткерге кемінде 2 мәрте ауызша ескерту жасалса немесе үміткер диктанқа қосымша материалдар /ұялы телефон, қағаздар, т.б./ қолданса, лезде үміткер осы байқаудын қатысушылар қатарынан шығарылып, диктант өткізу бөлмесін босатады.

Диктантқа жазуға әрбір мекемеден 2-ден астам үміткер қатыса алмайды.

Ұйымдастырушы диктант жазу мәтіні жергілікті немесе облыстық басылымдардағы мақала беттеріндегі материалдардан таңдайды.

Үміткердің диктанқа қатысу

ӨТІНІМІ

№ Үміткердің аты-жөні, жұмыс орыны, лауазымы Туылған жылы Тұрғылықты мекен жайы Байланыс телефоны