ЕРЕЖЕСІ

Байқаудың мақсаты:

Ауылдық жерлердегі көрнекі ақпараттық құралдардағы /жарнама, нысанның атауы т.б./, заңнамадағы қолдану аясындағы талаптардың сақталуын қарау.

Байқаудың шарттары:

Аудандағы түрлі деңгейдегі кәсіпкерлердін көрнекі ақпараттық құралдардағы мәтіндердін дұрыс, таза, аңық жазылуын, маңдайшалардын бір реттілік жазылуы /оң жағына қазақша, сол жағына орысша/;

Сауда-саттықтағы өнімдердін мемлекеттік тілде немесе латын таңбаны қолдану арқылы жарнамалауы тәртібі жеңімпаз аңықтауға басымдық беріледі.

Аудан бойынша осы байқаудың ережесіндегі шарттарына 13-17.08.2018ж күндері аралығындағы көрнекі ақпараттары бойынша фотодәйектерге қабылдау жүргізіліп, «Үздік жарнама-жаршысы» байқауы жеңімпаздары Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тіл-Мәңгілік Елдің алтын арқауы» айдарымен жалпыхалықтық тіл фестивалі аясында марапатталады.

Ауылдық жерлердегі кәсіпкерлер /АҚ, ЖШС-дан басқалары/ арасындағы көрнекі ақпараттары бойынша ауылдық округ әкімдері арқылы /кәсіпкер иесінің келісуімен/ кәсіпкердін фотодәйектердегі көрнекі ақпараттары осы байқаудың ережесіндегі шарттарына сай /сыртқы, ішкі жарнамалары/ қаралып, жеңімпаздар келесідей номинациялар бойыншамарапатталады.:

«Үздік жарнама-жаршысы» / Бас жүлде кәсіпкер атына беріледі/

«Үздік тауар жарнамалаушы» /жеке дара кәсіпкер иесіне беріледі/

Аңықтама телефоны: 31349