Аудан орталығындағы түрлі ұйымдар арасындағы

«Үздік іс жүргізуші мекемесі» байқауының

ЕРЕЖЕСІ

Байқаудын жүргізілу тәртібі:

«Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ –ұйымдастырушы /бұдан әрі-ұйымдастырушы/ болып табылады. Байқау қатысушылар тізімін ұйымдастырушы қалыптастырып, ұйымдардын ғимараттарында байқау талаптарына сай 15-17.08.2018ж. мерзімі аралығында барып жүргізеді.

Байқау ережесіне сай 9 дербес бөлім /ұйымдастырушы қоспағанда/, коммуналдық, қазыналық шаруашылық жүргізуші және қызмет көрсету орындары арасында жүргізіледі.

Ұйымдастырушы қосымша байқаудын бақылаушы ретінде үкіметтік емес ұйым мүшелерін қатыстыруға құқылы.

Байқаудың мақсаты:

Ауданымыздағы ұйымдардын құжатаналымының тәртібіне қарай құжаттардың жасалуын және басқаруды қалыпқа келтіру. Бірыңғай техникалық саясат негізінде басқаруды құжаттаалық қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыруды, жүргізуді және жетілдіруді, құжаттармен жұмыс істеуде қазіргі замаңғы техникалық құралдарды қолдануды, ұйымдағы құжаттармен жұмыс істеуге әдістемелікке басшылық жасау мен белгіленген тәртіптін сақталуын бақылауды басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету.

Байқауға қойылатын талаптар:

-құжатайналымдағы /кіріс-шығыс құжаттары, бұйрықтар, түрлі нысандағы бланкілер, т.б./ жүргізілген құжаттамалардын жасалуы, рәсімдеу талаптары /қате жазылуы, таза, т.б./;

-өзге де ұйымдармен хат алмасудағы мемлекеттік тілде жазылуы /қате белгілері, т.б./.

-ұйымдағы құжаттардың номенклатураға сай тігілуі, жинақталуы;

Байқау келесідей номинациялар бойынша жеңімпаздар белгіленіп, Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тіл-Мәңгілік Елдің алтын арқауы» айдарымен жалпыхалықтық тіл фестивалі аясында марапатталады.

1 орын- «Үздік іс жүргізуші мекемесі»

2 орын-«Ең үздік құжаттамашы»

3 орын-«Ең үздік іс жүргізуші қызметкері»

Аңықтама телефоны: 31349 /телефакс/