"Адал жол - Честный путь" сыбайлас - жемқорлыққа қарсы марафон аясында ақпараттық топ Бұлдырты ауылдық округінде болды. Басты мақсат – халық арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды түсіндіру мақсатында аудан, қалаларға шығу, соның ішінде, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру, халық арасында электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін қызмет түрлерін кеңінен насихаттап , халыққа қызмет көрсету орталығының, ветеринария саласының мамандары Бұлдыртылық тұрғындарға электрондық цифрлық қолтаңбаны қалай алу керектігінен бастап, түрлі қызметтер жайлы ақпарат берді.