6-8 қыркүйек аралығында Тоғанас ауылында Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі жəне экология орталығы мен Сырым аудандық жас туристер станциясының ұйымдастыруымен ІХ облыстық отбасылық  "Əкем, анам жəне мен - туристік отбасы" атты туристік жарыс ұйымдастырылды.

Шараға барлық аудандар мен қатар Орал қаласынан отбасылар қатысты. Жеті сайыстан түскен отбасылар жарыстың көрігін қыздырып, кім мықтыны анықтады. Тартысты өткен сында жалпы командалықесепбойынша 

І орын - Ералиевтар отбасы (Ақжайық ауданы)
ІІ орын - Алипкалиевтар отбасы (Жəнібек ауданы)
ІІІ орын - Үмбеталиевтар отбасы (Тасқала ауданы) командалары иеленді. Жеңімпаз болған командаларға ұйымдастырушылар тарапынан диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.