Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының 9 міндетін іске асыру, отбасы күні аясында жанұялық құндылықтарды нығайту мақсатында, 2018 жылдың 11 қыркүйегінде Сырым ауданы әкімдігінде мемлекеттік қызметшілердің балаларына қызметі бойынша жұмыс орнында «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс-шара барысында, мемлекеттік органның негізгі міндеттерін, мемлекеттік қызметшінің күнделікті еңбегінің маңыздылығы айтылып, оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар берілді.