30 қыркүйек күні Бұлан ауылында еңбек ардагері М.Көлбаевты еске алуға арналған шаралар оздырылды. Шараға аудан әкімінің орынбасары Е.Ахметов, мемлекеттік қызмет ардагері С.Бисембиев, еңбек ардагерлері, қызметтес достары, ауыл тұрғындары және қонақтары қатысты.

 

Шара еңбек ардагері М.Көлбаевты еске алуға арналған футболдан аудандық ашық біріншілікпен басталды. Аталған біріншілікке ауданымыздың Мемлекеттік қызметшілер, Жымпиты, Жосалы, Қособа, Жетікөл, Жамбыл, Бұлан және Көлбаевтар отбасы командалары қатысты. 

Осыдан соң ауылдық мәдениет үйінде М.Көлбаевтың өмір жолына арналған фотокөрме ұйымдастырылып, көрме соңы дөңгелек үстелмен жалғасты. Дөңгелек үстел басында өмірде ағамызбен дос болған жолдастары, қызметтес болған әріптестері, ауылдастары тарапынан Мақсот Зайдоллаұлының ұлағатты өмірінен және қызмет барысынан естеліктер айтылып, экраннан слайд көрсетілді. 

Түстен кейін шаралар соңы турнир жүлдегерлерін марапаттаумен жалғасты. Тартысты өткен біріншілік нәтижесінде Жымпиты командасы жүлделі 1 орын,

Мемлекеттік қызметшілер командасы жүлделі 2 орын, Қособа командасы жүлделі 3 орын, Көлбаевтар отбасы командасы «Жеңіске деген жігерлігі үшін» аталымымен және жекелей аталымдар бойынша ойыншылар марапатталды.