Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ең басты мақсаты Қазақстан Республикасының болашағы – жастарға патриоттық тәрбие беру мен білім беру мекемелеріндегі мұражайлар арқылы жастарды халқымыздың ежелгі тарихымен сусындату, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, мақтаныш сезімін ұялату, білім алушылардың өмір сүруге және қоғамдағы өз орынын табуға қабілетті жеке тұлға болып қалыптасуын айқындайтын зияткерлік, шығармашылық және коммуникативтік қабілеттерді, танымдық қызығушылықтарды дамытуға тәрбиелеу үшін облыстық «Әр білім мекемесінде - музей» акциясы аясында 2018 жылдың 2 қазан күні аудандық «Жас туристер станциясы» мекемесінің ұйымдастыруымен аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Музей вернисажы» фестивалінің аудандық кезеңі оздырылды.


Аудандық кезеңге аудандық білім беру бөліміне қарасты мектеп музейлерінен 6 команда қатысып, өз шеберліктерін шыңдады. Атап айтар болсақ ЖББ Қ.Мырзалиев ат. ОМ, ЖББ Ж.Досмұхамедов ат.ОМБК, ЖББ А.Жұмағалиев атындағы ОМБК, ЖББ Бұлан орта мектебі, ЖББ Аралтөбе орта мектебі, ЖББ М.Қаналиев атындағы орта мектептерінің мұражай белсенділері қатысты. Сондай-ақ фестивальді ұйымдастыруға аудандық «Жас туристер станциясынан» Аудандық «Музей вернисажы» өлкетану фестивалі «облыстық БЖТжЭО-ның бекіткен ережесіне сай «Музей маршруты» бейнепрезентациясы, «Бір жәдігер – бір әлем» байқауы, «Музей» квест ойындары бойынша сынға түсіп, бақ сынады.

Фестивалдің аудандық кезеңінің қортындысы бойынша жоғары балл жинаған ЖББ Ж.Досмұхамедов ат.ОМБК-нің оқушылары командалық есепте І-ші орынға табан тіресе, ЖББ А.Жұмағалиев атындағы ОМБК-нің оқушылары ІІ-ші орынға ие болды, ІІІ-ші орын ЖББ Аралтөбе ОМ-нің оқушылар командасына бұйырды. 

Аудандық кезеңнің қортындысы бойынша жалпы командалық есепте жеңіпазы атанған ЖББ Ж.Досмұхамедов ат.ОМБК-нің оқушылар командасы 2018 жылдың 17-19 қазан күндері аралығында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығында өтетін облыстық кезеңде аудан намысын қорғайтын болады.