Бүгін Бұлдырты ауылдық округіне қарасты Қарақұдық елді мекенінде Күнбатыс Алашорданың 100 жылдығына орай Алаш қайраткері Ж.Досмұхамедовке арналған ескерткіш белгі ашылды.

Ескерткіш белгінің ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Т.Төреғалиев аудан бойынша Күнбатыс Алашорданың 100 жылдығына орай атаулы шаралар өткізіліп, оның тағы бір көрінісі ескерткіш белгінің ашылуы екендігін атап өтті. Сонымен қатар атаулы шараға Алматы қаласынан арнайы келген әдебиеттанушы – ғалым, Алаштанушы, эссеист, филология ғылымдарының кандидаты М.Тәжмұрат пен өлкетанушы Ж.Ақбай алдағы уақытта ескерткіш орнатылған Қарақұдық жерінде абаттандыру жұмыстары жүргізілсе деген ізгі ниеттерін жеткізді. Ескерткіш белгіні ашу мәртебесіне аудан басшысы Т.Төреғалиев, Алаштанушы, жазушы –эсеист М.Тәжмұрат, өлкетанушы Ж.Ақбай, аудан ардагері К.Федянин ие болды.




\