Күнбатыс Алашорданың 100 жылдығына орай тағы бір қуантарлық жағдай Бұлдырты орта мектебінде музей ашылды.

Музейде аудан тарихы мен ауыл тарихына арналған бұрыштарға ерекше көңіл бөлінген. Одан әрі мектеп тарихы, Алаш қайраткері Ж.Досмұхамедовке , әр жылдары ұстаздық қызмет атқарған ардагер ұстаздарға арналған бөлімдерден тұрады. Музейді салтанатты ашу рәсімі тарих ғылымдарының кандидаты, тарихшы, Сырым ауданының құрметті азаматы Д.Сүлейменова мен Бұлдырты ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Ахметқалиевке ұсынылды.