Конференция жұмысынан соң Күнбатыс Алашорданың 100 жылдығына орай «Қайсар» спорт клубының ұйытқы болуымен спорттық шаралар ұйымдастырылды. Аламан бәйге, қол күрес, арқан тартыс, гір тасын көтеру сынды спорт түрлерінен жастар мен ересектер өзара бақ сынасты.

Айта кетерлігі спорттық шараларға Көршілес Ақтөбе облысынан, Қазталов, Қаратөбе аудандарынан спортшылар қатысты. Қорытындысына көз жүгіртсек, «Қазақы аттар» аламан бәйгесінде жүлделі 3 орынды Тасқұдық ауылынан М.Төлеуовтің тұлпары, жүлделі 2 орынды Шыңғырлау ауданынан Ш.Алмағамбетовтың тұлпары, жүлделі 1 орынды Қаратөбе ауданынан Е.Бахитовтың тұлпары, тай жарысы бойынша жүлделі 3 орынды Ақтөбе облысы,Қобда ауданынан Н.Ордыбаевтың тұлпары, жүлделі 2 орынды Бұлдырты ауылынан Е.Жәленовтың тұлпары, жүлделі 1 орынды Ақтөбе облысы,Қобда ауданының тұлпары,арқан тартыс бойынша жүлделі 3 орынды 1987 жылы туылған ерлер құрамасы, жүлделі 2 орынды Сырым жастарының құрамасы, жүлделі 1 орынды Өлеңті ауылының жастар құрамасы, қол күресінен жүлделі 3 орынды А.Қаржауов, жүлделі 2 орынды А.Төреғалиев, жүлделі 1 орынды С.Сапарғалиев, гір тасын көтеруден жүлделі 3 орынды Ғ.Қазақстан, жүлделі 2 орынды Г.Рамазанов, жүлделі 1 орынды А.Қуанышев, қазақша күрестен жүлделі 3 орынды А.Гумаров, жүлделі 2 орынды А.Нұрмұқанов, жүлделі 1 орынды С.Ихласов иемденді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлық пен арнайы алғыс хатпен марапатталды.