Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазан күні Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауын біз үлкен ықыласпен қабылдағанымызды жеткізгіміз келеді.

 

Биылғы Жолдауында Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынғаны жастарға үлкен қуаныш сыйлағаны белгілі. Елбасы әрбір бастамасында жастар үшін әркез қамқор болып, келешектің тұтқасын әрі қарай ұстайтын, мақсаттарын іске асыратын да жастар екені даусыз. Сондықтан да Елбасы қашан да жастардың мәселесіне ерекше назар аударып, тұтастай ұрпақ ісін жан – жақты қолдауда. Елбасының бекіткен бірыңғай тапсырмаларын орындауда өз күш – жігерімізбен, біліктілігімізді көрсете отырып, жастарға деген ықылас пен болашаққа деген нық қадамды айқындай отырып, үлкен жетістіктерге жетеміз деген сенімдемін.