Елбасының биылғы халыққа Жолдауынан білім саласы оның ішінде ұстаздар қауымы үшін көптеген жағымды жаңалықтарды естідім. Елбасы өз сөзінде мұғалімдерге көптеген жұмыстар жүктелетіндігіне және тынымсыз тексерулер көп екендігіне тоқталып, 2019 жылы «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заң қабылданатынын айтты.

 

Алдағы уақытта осы заң аясында мұғалімдерге артылатын жүктемелер азайтылып, ұстаздарды ынталандыру үшін барлық жағдай жасалынады.
Елбасы Жолдауындағы тағы да біз үшін ерекше қуанышты жаңалық дәрігерлер, құқық қорғау, қорғаныс органдары қызметкерлерімен қатар, мұғалімдердің де жалақысы 35%-ке көтерілетіндігі болып отыр.
Елбасының ұстаздар мәселесіне назар аударып, қолдау көрсетуі нәтижесінде еліміздегі білім саласының көрсеткіштері жақсаратындығына сенімдімін.