Елбасының жолдауы, жастардың қолдауы. Кешегі Ұлт көшбасшысының кезекті «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру және табыс пен тұрмыс сапасын жақсарту» жолдауын терең толғаныспен тыңдадым.

Бұл Елбасының жолдауы өткен «100 нақты қадам», 2050 жылға қарай әлемдегі үздік 30 елдің қатарына қосылу және «Нұрлы жол» кешенді бағдарламаларын стратегиялық мақсаттағы жалғасы болып тұр. Кешегі жолдауда халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 28 мыңнан 42 мыңға көтеретіні, соңғы 3 жылда 22 мың жұмыс орнын ашылуы, 2019 жыл «Жастар жылы» деген жерлері қатты қуантты. Жолдауда Еліміздің қаржылық секторы даму арқылы елдің табысын көтеру арқылы елдің экономикасында дамыту көзделді. Олай болса Егемен Еліміз үшін аянбай еңбек етіп, өз саламыз бойынша үлесімізді қоса білсек, соның өзі Елбасымыздың жолдауын қолдаған болып есептелеміз. Сондықтанда тарихи маңызға айналған құжатты қуаттап қолдау білдіремін.

 

ЕржанЖумағожиев,
теолог,"Сырым" деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы