Жылдағы қалыптасқан дағдымен Мемлекет басшысының дәстүрлі Жолдауынан көп үміт күткен едік.Үмітіміз ақталды. Елбасымыз бұл жолы да көпшіліктің көкейіндегі ой – ұсыныстарды тамыршыдай дөп басқан. Мәселен, 2019 жылдың қаңтарынан бастап учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы 20 пайызға көтерілмекші.

Бұл үшін келесі жылы бюджеттен 5 млрд теңге бөлінетін болады. Учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы біртіндеп көтеріледі.Сонымен қатар, әрбір маманның жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу қабілетіне баса назар аударылып, жергілікті жердегі медициналық-санитарлық көмекті күшейту көзделуде. Жастар өкілдеріне де Жолдау керемет жаңалық сыйлады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялауы,соған орай ауқымды шаралар ұйымдастыруды әкімдіктерге тапсыруы, әсіресе «Жастардың отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс» деп қадап айтуы жалын жігерлі жастардың ертеңгі күнге деген сенімін еселей түсті.