Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев Алғабас ауылдық округінің жаңа әкімін ауыл активіне таныстырды. Аудандық мәслихат депутаттарының таңдауымен Әменов Өркен Самиғоллаұлы Алғабас ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. 


Аудан басшысы Өркен Самиғоллаұлының абыроймен халыққа қызмет ететініне сенім білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі. Ө.Әменов туған жерінде қызмет ету – жауапкершілікті жүктейтінін айтып, алғабастық тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста жұмыстанатынын жеткізді.
Шынар МОЛДАНИЯЗОВА