Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Сырым аудандық билер кеңесін құру және төрағасын сайлау жөнінде жиналыс өтті. 

 

Аудан әкімі Т.Төреғалиев билер алқасының мүшелігіне сайланған 13 азаматты таныстырды. Билер кеңесінің төрағасы болып бірауыздан ардагер Сыдық Тәжмұхан сайланды. Сырым аудандық сотының төрағасы Ботагөз Баймұханова билер кеңесінің маңыздылығы, жұмыс туралы түсіндірді.

Аудан прокуроры Қанәбіл Төремұратов билер кеңесіне артылатын жауапкершіліктің зор екенін, тәжірибелілік пен біліктілілік, жеке адамның құқығын қорғап, құпиялылықты сақтай білу аса қажет болатынын айтып, ауданда қылмыстың азаюына сеп септігі тиеді деген сенімін білдірді. 

Одан кейін Сырым аудандық сотында билер кеңесі бас қосып, жиынға сот төрағасы Б.Баймұханова, судья Т.Ниязов, аудандық жергілікті полиция бөлімінің басшысы Е.Журалиев, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысты. 

 

Шынар Молданиязова