Сырым ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлері, ҚР ҰКП «Атамекен» Сырым аудандық филиалының қызметкерлері, Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекемесінің өкілдерімен бірлескен түсіндірме жұмыстары Жымпиты ауылдық округі бойынша тіркелген жеке кәсіпкерлерге жүргізілді.

 

Түсіндірменің негізгі басты бағыты төмендегі тақырыптарды басшылыққа ала отырып, жүзеге асырылды. Атап айтсақ:

- Онлайн бақылау-кассалық машиналарың қолдануға міндетті салық төлеушілердің кәсіпкерлік қызмет түрлерінің тізілімі кеңейтілді,

- Салық төлеушінің және салық агентінің құқықтары мен міндеттері, салықтық қатынастарда өкілдік етуі, 

- Алкоголь өнімдерін лицензия арқылы сату тәртібі және ілеспе жүк құжаттарының болуы,

- Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және алдын алу,

- «Түбіртекті талап ет те, жүлдені ұтып ал!» акциясы жөнінде.

- «2017-2019 ж арналған салықтар жинауды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді арттыру жол картасының орындау мақсатында салық төлеушілер кірістеріне, кірістердің төмендеуі мәселелері бойынша еңбек келісім-шартсыз жұмыс жасап жүрген тұлғаларға түсіндіру және «конвертпен» төленетін еңбекақыны заңдастыру жөнінде кәсіпкерлік субъектілерімен түсіндірме жүргізу бағыты бойынша жұмыстар жүргізілді.

2018 жылдың 1 қазанынын «Салық төлеушілер ҚР-ның аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айрысулар кезінде деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау – касса машиналарынын қолданатын қосымша 17 түрі және алкоголь өнімдерін сатып алу кезінде берілген ілеспе құжатына сай көрсетілген өнімдер ғана сатылуы тиіс екендігін түсіндіріпжәне ілеспе құжатсыз әкеліп сатылған жағдайда заңнамаға сайәкімшілік жауапкершілікке тартылатыны айтып өтілді.

Сонымен қатар, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеуді толық және уақтылы жүзеге асыруды түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауы бойынша «Түбіртек талап ет те, ұтыс ұтып ал!» акциясын жалғастырылуда. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін акция электронды форматта көлеңкелі экономикаға қарсы «Wipon» мобильдік бағдарламасы арқылы жүзеге асырылатыны хабарланып белсенді қатысулары сұралды. ҚР-ның кез-келген азаматы бұл акцияға қатыса алады. Ол үшін мобильдік бағдарлама арқылы фискалды түбіртектің суретін жіберу қажет. Бұл ақция барлық облыстарда және Астана, Алматы қалаларында ай сайын ұтыс ойындары және марапаттаулар жүргізіледі. Бас жүлде – автокөлік және басқа да құнды сыйлықтар табыс етілетін болады.

Жымпиты ауылы орталығында жеке кәсіпкерлермен жүргізілген түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, сауал-жауап түрдегі әңгімелер өткізілді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мұндай келенсіз құбылыстарға тосқауыл қою және сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы «МІНДЕТІМІЗ ОРТАҚ - ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БОЛАШАҚ» екені түсіндірілді.

Аудан көлемінде салық заңдылықтарын түсіндіру жұмыстары әрі қарай жалғасын табатын болады.

Сырым ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.