Сырым ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюды қамтамасыз ету мақсатында кешенді оқу-жаттығу шаралары талаптарға сәйкес әрбір 3жыл сайын өтіп тұрады.

Кеше хабарлағанымыздай 2 күндік оқу – жаттығу кешенінің екінші күні өткен болатын. Кешенді оқу – жаттығудың мақсаты төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның қатысуымен төтенше жағдай, апат, жол – көлік оқиғалары зардаптарын жою іс – шараларын басқару, жағдайды бағалау және талдау болып табылады. Оқу-жаттығу кезінде әр қызмет саласының барлық қызметкерлері сапқа тұрғызылып, төтенше жағдай орын алған кезде пайдаланылатын құралдары мен техникаларының дайындығы пысықталды. Азаматтық қорғау қызметтері мен аппаттық құтқару қызметтері, яғни өрт сөндіру бөлімі, медициналық қызметкерлер 4 тәжірибелік жаттығу өткізіп, барлық күш-құралдарының дайындығын дәлелдеді.Алдымен Сырым колледжі ғимаратынан шыққан өрт сөндіріліп, барлық қауіпсіздік шаралары қолға алынды.Түрлі деңгейдегі жарақат алған зардап шегушілерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді. 2- ші тәжірибелік жаттығуда Шағырлыой ауылындағы дала өрті ауыздықталып, бұл шараға аталған ауылдық округтің ерікті өрт сөндіру құрамасы қатысты. Келесі кешенді жаттығу жол – көлік оқиғасы орын алған жердегі көліктен шыққан өртті сөндіріп, күйік шалған зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп,ауруханаға жөнелтілді. Соңғы іс – тәжірибе бруцеллез ауруына шалдыққан ірі қара малды оқшаулау, тіркеу бойынша жүргізілді. 

Ауданымызда өткен 2 күндік кешенді оқу – жаттығу жұмысын БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы, полковник М.Хайрекенов жақсы деген баға беріп, аталған шараға белсене қатысқан бірқатар азаматтарға БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал – майор Ж.Жұмашевтың арнайы Алғыс хатын табыс етті.