Елтай ауылдық округінде аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен көшпелі отырысы өтті.

Оған аудандық мәслихаттың экономика және бюджет, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясы, аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева, мәслихат депутаттары, аудандық білім беру бөлімінің басшысы З.Ерғазиева, аудандық орталық аурухананың директоры Р.Тахамбетова, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Қайырғалиев, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры С.Иманғалиев, аумақтық инспекция басшысы А.Утепов, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы А.Каримуллиев, Талдыбұлақ, Елтай ауылдық округтерінің әкімдері, әлеуметтік сала басшылары қатысты. Аталған бөлім басшылары өз салалары бойынша баяндама жасады.білім бөлімі басшысының сөзіне сүйенсек қазіргі таңда ауылдық округтермен аудан орталығындағы мектептердің жылу қазаны толықтай қысқа дайын және ыссы тамақпен қамтылуда екен. Медицина саласы бойынша Қазақстан елді мекеніне білікті дәрігер керек екендігі айтылып, қазіргі таңда барлық әлеуметтік желілерге, сайттарға бос жұмыс орны туралы мәліметтер салынғандығы тілге тиек етілді. Ветеринария бойынша барлық төрт түліктен сынама қандар алынып, сараптама жасалынып, қандай да бір ауру белгілері білінгендерін оқшаулау, көзін жою жұмыстары жасалынған. 

Сонымен қатар аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева мен аудандық мәслихат депутаттары Талдыбұлақ, Елтай ауылдық округтеріндері әлеуметтік нысандардың жай – күйімен танысып қайтты.