Бүгін Шолақаңқаты ауылдық округінде мәдениет қызметкерлеріне арналған туристік слет басталып, ашылу салтанаты оздырылған болатын.

Айта кетейік, аталған шараға облыс орталығы Орал қаласынан облыстық халық шығармашылық орталығы ұжымы, Қазталов, Қаратөбе, Бөрлі, Тасқала және аудандық мәдениет үйі ұжымы қатысуда. Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары А.Саркулов, облыстық халық шығармашылық орталығының директоры М.Жұбатов сөз сөйлеп, бақ сынаушы командаларға сәттілік тіледі. Аталған шара 2 күнге созылып, командалар түрлі жарыстар бойынша өзара сынға түседі.