14 қазан күні Бұлан ауылында "Бұлан" шаруа қожалығының мал шаруашылық кешенінің ашылу шарасы ұйымдастырылды.

Шара қонақтары мен ауыл тұрғындарына концерттік шара ұйымдастырылып, шаруа қожалығының салынған құрылыс нысандарымен танысты. Шара жалғасы ауыл тұрғындарының және шара қонақтарының қатысуымен Бұлан ауылдық саябағында "Бұлан" шаруа қожалығының жетекшісі М.Досалиевтің демеушілігімен сатып алынған 250 түп ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстарымен жалғасты.